ШҚО-да киберқауіпсіздік мәселелері бойынша өңірлік семинар өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өскемен қаласындағы Oskemen Hub алаңында «Киберқауіпсіздік және кибермәдениет» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Іс-шара қыркүйек айының Кибермәдениет айы ретінде белгіленуіне орай ұйымдастырылып, цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша білім мен тәжірибені арттыруға бағытталды.

Семинар барысында жеке деректерді қорғау, интернет-алаяқтықтың алдын алу, киберқауіптерді анықтау және цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қатысушыларға киберқауіптердің алдын алу және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, Ақпараттық технологиялар орталығының, Цифрландыру және архивтер басқармасының IT саласындағы мамандары, Қазақстан Американдық еркін университеті мен Дәулет Серікбаев атындағы техникалық колледждің студенттері қатысты.

Семинар спикерлері: Мұхамбедия Жасмин – MSSP интеграция бөлімінің инженері; рыстанбек Нұрай – ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны.

Өңірлік семинар цифрлық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және азаматтардың киберсауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1299190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді