ШҚО-да «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ШҚО-да «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

25-27 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдаланудың, сондай-ақ жалған, өзгертілген, жасырылған немесе заңсыз орнатылған нөмірлерді қолдану фактілерінің жолын кесу.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көлік құралдарын тексеруді күшейтіп, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударуда.

Полиция жүргізушілерге мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгіленген орында орнатылуы, жабылмауы және анық көрінуі тиіс екенін ескертеді. Жалған немесе өзгертілген нөмірлік белгілерді пайдалануға жол берілмейді.

Жолға шығар алдында көлігіңіздің мемлекеттік нөмірін тексеріп, белгіленген талаптарды сақтаңыз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1299215?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді