Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды.

Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.

2006-2010 жылдары «Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды.

2010-2014 жылдары Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болды.

2015-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы болды.

2019-2023 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1299228?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді