ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында 10 елдің қолөнер және экоөнімдері ұсынылған «Brand Craft Fair» халықаралық жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңке аясында «Шеберден – брендке, өңірден – ұлттық өнімге, Түркістаннан – әлемдік нарыққа» тақырыбында форум ұйымдастырылып, оған қазақстандық және шетелдік қолөнершілер, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және туристік ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Жәрмеңкеде отандық және шетелдік шеберлердің бірегей қолөнер бұйымдары мен экоөнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына жеңілдетілген бағамен ұсынылуда.
Халықаралық жәрмеңке 26–28 қыркүйек аралығында жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1299310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді