Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлемчем пионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір алтын, біркүміс және бір қола медаль жеңіп алды.

J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл финалдық белдесуде Бразилия өкілі Де Андрадені иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, J1 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Алықын Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды.

Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта ел намысынқорғаған Ибрагим Нұрмаханұлы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.

Айта кетейік, көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында Тбилиси қаласында өтуде. Байрақты бәсекеге әлемнің 44 елінен 290 спортшы қатысып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1299309?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді