Қазақстанда 278-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қиялы ауылында жаңғыртылған «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру пунктінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – Қазақстандағы 278-ші ерікті өртке қарсы құрылым.

  Пунктті жаңғырту және іске қосу жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қолдауының арқасында жүзеге асты. Жобаны іске асыру өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, өрт сөндіру бөлімшелерінің оқиға орнына жету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

  Өрт сөндіру пункті жалпы саны 3500-ге жуық тұрғыны бар сегіз елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Жаңа нысан заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда қызмет атқару үшін ТЖМ тарапынан берілген өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық қару-жарақ және жауынгерлік киім-кешек бар. Жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқаруына және өрт оқиғаларына жедел ден қоюына барлық жағдай жасалған. Еріктілер арнайы дайындықтан өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1299368?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді