Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 91-бабы 3-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Зеленогай ауылдық округінің бюджетін нақтылау, ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын ұлғайту және 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан салық түсімдері бойынша бос қалдықтар есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыс бөлігін ұлғайту.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-zelenyi-gai/press/news/details/1299622?lang=ru

Жауап қалдыру