https://www.instagram.com/reel/DdnmpcGCT2f/?stkn=MWUyM3piczZmdTRkdw==
Аудан әкімі Д.Тоғызбаев төрағалық еткен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынның басты мақсаты аудан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындарды маусымдық қауіп-қатерлерден қорғау және төтенше жағдайларға жедел ден қою әзірлігін арттыру дайындығын пысықтау болды.
Күн тәртібіне бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, халықты құлақтандыру жүйесінің қазіргі жай-күйі, оны жаңғырту және одан әрі дамыту, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы, жылу қазандықтарының техникалық жағдайы мен қауіпсіз пайдаланылуы, сондай-ақ аудан аумағына кіретін автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығы талқыланды.
Отырыс барысында жауапты мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің есептері тыңдалып, инфрақұрылым нысандарының әзірлігіне және қауіптің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
Аудан әкімі жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне дайындық шараларын белгіленген талаптарға сай жүргізіп, барлық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету тетіктерін пысықтап, ахуалды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау және жауапты органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту жөнінде нақты міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1299639?lang=ru

Жауап қалдыру