Бала үшін отбасы – тәрбие мен дүниетаным қалыптасатын алғашқы орта. Оның адамдарға, қоғамға, дінге және қоршаған әлемге деген көзқарасы ең алдымен отбасындағы қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Сондықтан діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу тексыртқы бақылаумен шектелмеуі керек. Бұл бағыттағы жұмыс ең алдымен отбасынан басталғаны маңызды. Бала өзін отбасының мүшесі ғана емес, оның толыққанды қолдауына ие тұлға ретінде сезінсе, оны жалған уәде мен радикалды идея арқылы арбау әлдеқайда қиын. Діни экстремизмнің алдын алу – тек мамандардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ал бұл жұмыстың алғашқы әрі маңызды қадамы – отбасындағы дұрыс тәрбие мен өзара сенім.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-bekbauyl/press/news/details/1299666?lang=kk

Жауап қалдыру