
Жер беру процесін барынша ашық ету үшін электрондық конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін жаңа нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұны жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
Енгізілетін өзгерістердің тиімділігін алдын ала бағалау және цифрлық платформаның жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында Ақмола және Жетісу облыстарында пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Пилоттық жоба техникалық тестілеу форматында өткізіліп, жаңа жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін толық пысықтауға және заң нормалары күшіне енгенге дейін оның жұмысқа дайындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Бас прокуратурасының қолдауымен жүзеге асырылатын болады», – деді спикер.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге қатысты мораторийдің 2026 жылы аяқталуына байланысты, оны 2031 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін түзетулер әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1299719?lang=ru

Жауап қалдыру