Зеренді ауданының прокуроры бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және профилактикалық әрі пробациялық есепте тұрған адамдарды ресоциализациялау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысына қатысты.
Отырыс барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі есептері тыңдалып, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуі, жұмыспен қамтылуы және белгіленген шектеулерді сақтауы мәселелері қаралды.
Жалпы, ағымдағы жылы есепте тұрған 4 адам жұмысқа орналастырылды, 2 адам қосымша мамандық алу үшін оқуға жіберілді, 6 адамға 15 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді, 1 адамға медициналық көмек көрсетілді.
Отырыс қорытындысы бойынша есепте тұрған адамдарға бақылауды күшейту, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін айқындау мақсатында тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру, сондай-ақ құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1299785?lang=ru

Жауап қалдыру