
Бүгін – жерлесіміз, көрнекті журналист, драматург әрі жазушы Оралхан Бөкейдің туған күні. Ол 28 қыркүйекте Катонқарағай ауданында дүниеге келген (өмір сүрген жылдары – 1943-1993).
Жазушы табиғат пен адам болмысын шебер суреттеп, өз шығармалары арқылы қалың оқырманға туған өлкесінің тыныс-тіршілігі мен тұрмысын терең таныта білді.
Әсіресе, «Қар қызы», «Атау кере», «Кербұғы», «Сайтан көпір», «Өз отыңды өшірме» сынды шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енді.
Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы бар.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Шығыс Қазақстаннан шыққан жазушының шығармаларын қайта оқып, оның бай мұрасын жас ұрпақ арасында насихаттауға тамаша мүмкіндік бар.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқы арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1299945?lang=ru

Жауап қалдыру