МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 қыркүйекте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларын сақтауға, халыққа адал қызмет етуге және өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға ант берді.

Салтанатты рәсім барысында Департамент басшысының орынбасары Е. Бекмурзин жас мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін маңызды сала екенін атап өтті.

Жас мамандарға ел мүддесіне адал қызмет етіп, кәсіби біліктіліктерін арттыруға және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын қатаң ұстануға тілектестік білдірілді.

 Жас мемлекеттік қызметшілерге абыройлы қызмет пен толағай табыс тілейміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1299966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді