
Ақтөбе облысында кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы өзекті мәселелерін тікелей талқылауға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Ғ. А. Елеуовтің төрағалығымен кәсіпкерлер мен бақылау-қадағалау органдарының қатысуымен жыл сайынғы «Бірыңғай есеп беру күні» ұйымдастырылды. Кездесуге өнеркәсіп, сауда, құрылыс, медицина, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және басқа да салалардың 100-ден астам өкілі қатысты.
Іс-шараның басты ерекшелігі – кәсіпкерлердің өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жауапты мемлекеттік органдардың өкілдеріне жолдап, нақты түсініктеме алу мүмкіндігі болды.
Кездесуге Ақтөбе облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ақтөбе облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлер көтерген барлық сұрақтар мен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, жұмысқа алынды.
Мұндай форматтағы кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы кері байланысты нығайтуға, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ бизнес жүргізу барысында туындайтын мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1299963?lang=ru

Жауап қалдыру