Кеңейтілген әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылдың 24 қыркүйегінде «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-де Ақсуат аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, әдістемелік кабинет меңгерушісі Курмангалиева Нургул Акановнаның ұйымдастыруымен кеңейтілген әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Кеңеске директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде:

1. «Тиімді әдістемелік қолдау – білім сапасын арттырудың негізі».
2025–2026 оқу жылында әдістемелік кабинетте атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Н. Курмангалиева – әдістемелік кабинет меңгерушісі.

2. «Дарынды оқушылармен атқарылған жұмыстар» туралы.
Ж. Тоқтарбаева – бөлім әдіскері.

3. «Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадаларға қатысуы және нәтижелері».
А. Мустафина – бөлім әдіскері.

4. «Ұлттық білім беру деректер қоры базасын сапалы жүргізу: мәліметтердің өзектілігі, дұрыстығы және жауапкершілік».
Е. Жанатов – бөлім әдіскері.

5. «Педагогтарды пилоттық жоба бойынша аттестаттау тәртібі» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы.
М. Кажиакберова – бөлім әдіскері.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.

Әдістемелік кеңесті Н. Курмангалиева қорытындылап, әдістемелік жұмыс – ғылым мен педагогикалық озық тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақты жағдайына сүйене отырып жүргізілетін өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі екенін атап өтті. Оның негізгі мақсаты – әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыру, педагогикалық ұжымның әлеуетін дамыту, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, сондай-ақ әрбір оқушының білім алуына, тәрбиеленуіне және дамуына қажетті деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өзара бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.

Әдістемелік кеңеске қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар қабылданып, хаттамаға тіркелді. Кеңеске қатысушылар әдістемелік кабинеттің жұмысына оң баға беріп, Нургул Акановнаға және бөлім әдіскерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына шығармашылық табыс тіледі!

#Мұғалімдеркүні_Абай_облысы
@abai.bilim.basqarmasy
@abai_imc
#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1300090?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді