Ұлттық екпе күнтізбесі — бұл халықты қауіпті жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған профилактикалық медицинаның негізгі құралы. Оның мақсаты — тек екпе салу мерзімдерін еске салу емес, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға жүйелі көзқарас қалыптастыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Күнтізбе — бұл жас ерекшеліктері мен медициналық көрсеткіштерге сәйкес бөлінген профилактикалық екпелердің бекітілген тізімі.
Онда үш негізгі фактор ескеріледі:
✅Жас ерекшелігі — нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап қарттық кезеңге дейін. Әр жас тобына тән қауіптерді ескере отырып, өзіне тән вакцинация кестесі болады.
✅Жеке ерекшеліктер — жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі жоғары мамандық иелері (мысалы, медицина қызметкерлері, балабақша қызметкерлері және т.б.) де екпе күнтізбесіне олардың денсаулығы мен қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес енгізіледі.
✅Эпидемиологиялық жағдай мен эндемиялық аймақтар — кей жағдайларда вакцинация эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі. Мысалы, кененің шағуы жиі кездесетін өңірлерде немесе жұқпалы аурулар өршіген кезде.
Күнтізбеде – қажетті инъекция саны, олардың арасындағы уақыт аралығы, иммунитетті сақтау үшін қай жаста қайта егуді (бустер) жүргізу керектігі нақты көрсетілген.
Маңыздысы — Ұлттық екпе күнтізбесі жай ғана ұсыныс емес, бұл — ғылыми тұрғыдан негізделген, мемлекеттік деңгейде қабылданған жоспар. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары мен елдің эпидемиологиялық деректеріне сүйене отырып жасалған.
Осы күнтізбеге сай әрекет ету — жеке денсаулықты да, қоғамның денсаулығын да қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Егілген халық — вакцина салуға медициналық себептермен қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қорғауға мүмкіндік беретін қорғаныс қабырғасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/982915?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді