
Нұржан Сұлтанғалиұлы Мақсатов 1992 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 2014 ж. – Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Қаржы» мамандығы, 2018 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып бастаған.
2014 – 2020 жж. Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы, индустриялық даму бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып қызметін жалғастырған.
2020 – 2022 жж. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1300139?lang=ru

Жауап қалдыру