
Ұстаздар күні қарсаңында Павлодар қаласының білім беру бөлімі өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруге білімі мен тәжірибесін, жүрек жылуын арнап жүрген педагогтерге арналған «Ұстаз – ұлағатты тұлға» бейнежобасын ұсынады.
Жобаның кейіпкерлері – таңдаған мамандығын өмірінің маңызды бөлігіне айналдырған мұғалімдер, тәрбиешілер мен педагогтер.
Бейнежобамыздың алғашқы кейіпкері – Павлодар қаласының №57 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Марина Орынбайқызы
Оның еңбек жолы – балаларға деген сүйіспеншіліктің, өз ісіне адалдықтың және кішкентай бүлдіршінге қамқорлық көрсетуден басталатын күнделікті еңбектің жарқын көрінісі.
Бейнежобамыздың кейіпкерлерімен танысып, білім мен тәрбие арқылы болашаққа жол ашып жүрген жандардың тағылымды тарихына бірге үңілейік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1300216?lang=ru

Жауап қалдыру