ШҚО-да жыл басынан бері 590 есірткі жарнамасы жойылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жұртшылықты есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күреске тартуға бағытталған «STOP  есірткі!» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жоба аясында азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін «Clean Streets» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Оның көмегімен облыс тұрғындары тыйым салынған заттардың жарнамасын орналастыру фактілері туралы, оның ішінде жасырын түрде хабарлап, расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақы ала алады.

Жыл басынан бері өңірде бейжай қарамайтын азаматтардың көмегімен 590 есірткі жарнамасы мен QR-код анықталып, жойылды, ал анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, прокуратура органдары Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, студенттер мен волонтерлердің қатысуымен тұрақты негізде профилактикалық рейдтер өткізуде. Рейдтер барысында бірлескен күш-жігермен есірткі жарнамасы бар ондаған қауіпті жазбалар боялып, жойылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарды анықталған кез келген есірткі жарнамасы туралы ақпаратты «Clean Streets» мобильді қосымшасы арқылы жедел жолдауға немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1300342?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді