
Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторларының қатысуымен оқу-жаттығу дабылдары өткізілді. Іс-шаралар барысында ықтимал төтенше жағдай кезіндегі персоналдың жедел әрекет ету дайындығы бағаланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар берілді. Оқу-жаттығу «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының объектілерінде ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылдарға дайындығын тексеру.
Жаттығу барысында №5 ТБРП және №1 ТБР резервуарларындағы сифонды крандардың герметикалығы бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмі пысықталды. Атап айтқанда, кезекші қызметтерге хабарлау, төгіндіні оқшаулау, жабдықты ажырату және қауіпті аймақты қоршау жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1300403?lang=ru

Жауап қалдыру