
2026 жылғы 24–26 қыркүйекте ҚР Бас мүфтиінің орынбасары Ермек қажы Мұқатай мен «Халал Даму» компаниясының директоры Айбек Аташевтің құрамындағы Қазақстан делегациясы Джакартада өткен «Halal Indo 2026» көрмесіне және Бас имамдардың халықаралық конференциясына қатысты.
Іс-шаралар аясында Индонезия Республикасының Шариғат экономикасы және қаржы жөніндегі ұлттық комитетінің атқарушы директоры Шолахутдин аль Аюбпен, ИР Халал өнімдерге кепілдік беру агенттігінің Халал өнімдерін стандарттау директоры Хени Русмиатимен және Индонезия ғұламалар кеңесінің Пәтуа комитетінің төрағасы Асрорун Ниам Шолемен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Индонезия ғұламалар кеңесі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылуын, халал индустриясы саласындағы өзара іс-қимыл және халал сертификаттарын өзара мойындау мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1300590?lang=en

Жауап қалдыру