
Еңбек күні қарсаңында, ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте БҚО ветеринария басқармасының ұжымымен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіруге бағытталған кезекті кездесу өткізілді.
Іс-шараға Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Батыров пен Г.Рыскалиева, сондай-ақ аудандық және қалалық ветеринария ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты.
Кездесу барысында ветеринаря саласында жиі кездесетін еңбек заңнамасының бұзушылықтары мен еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеу, жұмыс және тынығу уақыттарын сақтау, жалақыны уақтылы әрі толық төлеу, еңбек демалыстарын беру, қоса атқару бойынша еңбек қатынастарын рәсімдеу, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек шартын тоқтату тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департаменттің негізгі қызмет бағыттары, еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік еңбек инспекторлары мен кәсіподақ өкілдерінен тиісті жауаптар алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулері еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1300630?lang=ru

Жауап қалдыру