
Астана қаласында өрт сөндіру бөлімдерінің қарауыл бастықтары арасында «Үздік қарауыл бастығы» республикалық байқауы өтті.
Республиканың барлық өңірлерінен 20 команда қатысқан байқауда Қызылорда облысының намысын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Өмірзақ Ерасыл Ерзақұлы абыроймен қорғады. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша 4-орын ал кедергілер арқылы жүгіру кезеңінде 1-орын алып, жоғары нәтиже көрсетті.
Республикалық байқаудан жүлделі нәтижемен оралған әріптесін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы салтанатты түрде қарсы алып, жетістігімен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1300650?lang=ru

Жауап қалдыру