Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауда және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі салалық кеңесінің отырысына қатысты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

🔹Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметі аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауда және шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі салалық кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Кәмелетке толмағандардың заңды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Әртүрлі мәселелер.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың заңды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілердің осы бағыттағы міндеттері жөнінде пікір алмасылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1300663?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді