
Ұстаз – ізденісімен дараланып, еңбегімен биіктейтін тұлға.
Бүгін біздің ауданда бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі – 2026» аудандық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау барысында ұстаздар өздерінің педагогикалық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін және заманауи көзқарастарын ортаға салып, кәсіби шеберліктерін танытты. Әр қатысушы өзіне тән ерекшелігімен дараланып, ұстаздық ұстанымын жарқын көрсете білді. ✨
Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🏆 Бас жүлде – Татенова Сайра Байниязовна, Новопокров НЖББМ
🥇 І орын – Шакирова Жансая Айтбаевна, Абай атындағы ЖОББМ
🥈 ІІ орын – Солтан Құралай Рымбайқызы, Қаратай ЖОББМ
🥉 ІІІ орын – Скакова Гульмира Сериковна, Ш. Айманов атындағы ЖОББМ
Барлық қатысушылар байқау барысында өздерінің кәсіби және шығармашылық қырларын көрсетіп, арнайы номинациялармен марапатталды. 🌷
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Барша ұстаздарға шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! ✨
Ұстаз жетістігі – шәкірт жетістігінің бастауы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1300686?lang=ru

Жауап қалдыру