ЕҢБЕК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді кәсіби мереке – Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
✅ Еңбек – ел дамуының берік негізі. Адал еңбегімен отбасын асырап, қоғамның өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі құрметке лайық. Қай салада болмасын өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына алғысымды білдіремін.
 
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс». Бұл – еңбекті бағалау мен еңбек адамының мәртебесін арттырудың маңызын айқындайтын ұстаным. Адал еңбек пен кәсіби шеберлік қоғамымыздың басты құндылықтарының бірі болып, әрбір азаматтың еңбегі ел игілігіне қызмет ете берсін.
 
✅ Еңбек адамына қолдау көрсету, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – баршамызға ортақ міндет. Өйткені әрбір азаматтың табанды еңбегі туған жеріміздің көркеюіне, еліміздің дамуына өз үлесін қосады.
 
⚜️ Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Ерен еңбектеріңіз әрдайым еленіп, еңбектің жемісін көре беріңіздер!
Еңбек күні құтты болсын!
 
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1300741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді