
Заңсыз жолаушылар тасымалы мен стихиялық тұрақтарды жою мақсатында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жамбыл көлік прокуратурасы, облыс бойынша Көліктік бақылау инспекциясы және Полиция департаментімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған іс-шара ауданаралық, облысаралық бағыттарда заңсыз жолаушылар тасымалы қызметі орын алып жатқан Тараз-Автовокзалы маңындағы “Мәди” жанармай құю станциясы мен Ақшолақ ауылы маңында (Тараз-Алматы тас жолы) жүргізілді. Іс-шараның мақсаты жолаушылар қауіпсіздігін басты назарға ала отырып, заңсыз жолаушылар тасымалы қызметіне шектеу қою.
Іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-transport/press/news/details/1300781?lang=ru

Жауап қалдыру