
2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақмола облысының Әділет департаментінде «Адал Азамат» идеалдарын іске асыру аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті заңтану кафедрасының 4 курс студенттеріне арналған Ашық есік күні форматында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңалықтары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, сондай-ақ әділет органдарының негізгі қызмет бағыттары түсіндірілді.
Іс-шарада Департамент бөлімдерінің басшылары А.Ержанов, Ж.Адамова және Д.Ибраева ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1300817?lang=ru

Жауап қалдыру