
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ақжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың 45-ші кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс барысында:
– 2026–2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының бюджетіне енгізілген өзгерістерді бекіту;
– 2026–2028 жылдарға арналған Ақжар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістерді бекіту;
– Ақжар аудандық мәслихатының учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына қатысты шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Бюджет мәселелері бойынша депутаттарға ауданның экономика және қаржы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар тиісті мәселелерді аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Депутаттық корпус Ақжар ауданының одан әрі дамуына, бюджет қаражатының ашық әрі тиімді пайдаланылуына және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелердің шешілуіне бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-akzhar/press/news/details/1300865?lang=ru

Жауап қалдыру