Маңғыстау облысының дін істері басқармасықызметіне жиі қойылатын сұрақтар  

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өңір аумағында намаз бөлмесін(намазхана) қалай ашуға болады?

Жауап: Қазақстан Республикасы «Діни қызметжәне діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 7-бабының          2-тармағында көзделген жағдайлардықоспағанда, діни бірлестіктер ғибадат үйлерінен(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларөткізуді жоспарлаған жағдайда, өткізілетін күнгедейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесеастананың жергілікті атқарушы органына қағазжеткізгіште не электрондық цифрлық қолтаңбаменкуәландырылған электрондық құжат нысанындахабарлама ұсынуға міндетті. Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкесҚұдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдержәне (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде(ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктермекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратынадамдардың құқықтары мен мүдделері сақталғанжағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кездеқоғамдық тамақтандыру объектілерінде өткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Діністері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №89 бұйрығымен бекітілгенНұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) 8 – бабынасәйкес, діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар мынадай талаптарға сай болуытиіс: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015432.

1)  жалпы ауданы 20-дан 100 шаршы метрге дейін болуы тиіс; 2)  дәрет алу үшін санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі қажет; 3)  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарсаласындағы нормативтік құқықтық актілергесәйкес болуы тиіс; 4)  діни іс-шаралар өткізілетін үй-жайдыңтолық көрінісін қамтамасыз ететін, қауіпсіздікпультіне қосылған бейнебақылау камераларыменжабдықталуы қажет.

 Бұл ретте Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес стационарлық үй-жайларды жәнедіни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардымынадай аумақтарда және ғимараттардаорналастыруға жол берілмейді:

 1) Заңның 7-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттікоргандардың, ұйымдардың;

 2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғауоргандарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасызетумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығынқорғаумен байланысты басқа да қызметтердің;

3) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білімберу ұйымдарының аумағында жәнеғимараттарында орналастыруға жол берілмейді.

Бұдан бөлек, Нұсқаулықтың 7-бабына сәйкес, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жай теміржол және автовокзалдарды, әуежайлар мен порттарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілгенаумақтар мен ғимараттардан кемінде (оларғаіргелес аумақтар болмаған жағдайда) 300 метр қашықтықта орналасуы сондай-ақ, аталғанНұсқаулықтың 9-бабына сәйкес көрші үй-жайлардатұратын немесе жұмыс істейтін азаматтардыңқұқықтары мен заңды мүдделеріне кедергікелтірмеуі тиіс.

Қайда жүгіну керек:  Маңғыстау облысының дін істерібасқармасына, тел.8 (7172) 46-24-20/ 1149. Қысқаша мазмұны: Намазхананы ашуға заңнама талаптары сақталғанжағдайда ғана рұқсат етіледі. Ол үшін белгіленгентәртіппен хабарлама беріліп, үй-жай заңталаптарына толық сәйкес болуы қажет. Сілтеме:  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000483

Кілт сөздер: намазхана, намаз оқу бөлмесі, діни рәсім, ашу тәртібі  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/1300925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді