Туберкулез ауруы бойынша облыстық медициналық кеңес өткізілгені туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы  Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының және ҚР ДСМ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының мамандары ағымдағы жылдың 21-25 қыркүйегі аралығында Жамбыл облысының 6 медициналық ұйымдарында, жабық үлгідегі 2 әлеуметтік мекемесінде, ЖИТС облыстық орталығында және 25-ші мекемеде (колония) жұмыс мониторингін жүргізді, жұмыс орындарындағы мамандарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмектер көрсетті.

Жамбыл облысындағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қорытындысы бойынша 25 қыркүйекте денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.С. Назарбектің төрағалығымен аралас форматта кеңес өткізілді, кеңеске облыстың медициналық ұйымдарының барлық басшылары онлаин, Тараз қаласының медициналық ұйымдарының басшылары офлаин режимде қатысты, сондай-ақ, ҚР ҰҒФО, ҚР ДСМ «СЭСМҒПО» филиалының басшылығы онлайн режимде қосылды.

Кеңес отырысы барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланып, туберкулезге қарсы іс-шараларды одан әрі жетілдіру, анықталған кемшіліктерді жою және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1300919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді