
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
«Үздік педагог» конкурсы жыл сайын педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, облыстық білім жүйесін, соның ішінде қала мен аудан педагогтерінің жетістіктерін бағалау болып қала береді.
Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.
Конкурстың I-і кезеңіне (аудандық, қалалық) 51 педагог қатысты. Олардың 20-ы екінші (облыстық) кезеңге өтіп, 10 педагог республикалық (ІІІ) кезеңге жолдама алды.
- Акыбаева Назигуль Ниязбековна, педагог-шебер, ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
- Абежанова Бигуль Маташовна, педагог-шебер, ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле жалпы білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
- 3. Бакетаева Гулшат Турсыновна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
- 4. Табиева Бакытгуль Алпысбаевна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
- 5. Дрогунова Татьяна Николаевна, педагог-шебер, «Исток» жеке меншік жалпы оқу мектебі»мекеме», бастауыш сынып мұғалімі;
- 6. Куленова Риза Кенжетайқызы, педагог-зерттеуші, ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
- 7. Сапаргалиева Гулмира Советхановна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі» КМҚК, математика пәнінің оқытушысы;
- 8. Трофимова Светлана Владимировна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі;
- 9. Серікқызы Мәдина, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, ағылшын пәні мұғалімі;
- 10. Левыкина Наталия Викторовна, педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, математика пәні мұғалімі.
Жеңімпаздарға табыс, сарқылмас шабыт және жарқын нәтижелер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1300955?lang=ru

Жауап қалдыру