«Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында профилактикалық бақылау жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында профилактикалық бақылау жүргізділді. Бақылау қызмет алушыларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен толықтығын, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын, сондай-ақ қызмет алушылардың тұруы мен болуы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлардың қамтамасыз етілуін бағалауға бағытталды.

Бақылау іс-шаралары аясында қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, төмендегі арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалауға назар аударылды:

 әлеуметтік-тұрмыстық;

  әлеуметтік-медициналық;

 әлеуметтік-психологиялық;

 әлеуметтік-педагогикалық;

 әлеуметтік-еңбек;

 әлеуметтік-мәдени;

 әлеуметтік-экономикалық;

 әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталмағаны бойынша  бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында бақылау субъектісіне оларды жою мерзімі белгіленген тиісті нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы Департаменттің бақылауында.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1300963?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді