
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қара-Мырза ауылдық кітапханасында «Әлем халықтары – бір кітапхана төрінде» атты фото-кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбіт өмірдің, татулық пен түсіністіктің, ел ішіндегі келісім мен өзара сыйластықтың нышаны екені ерекше атап өтілді. Бұл мереке – ырысы ұйыған, ынтымағы жарасқан мемлекетіміздегі көпұлтты халықтың береке-бірлігін айғақтайды.
Көрмеге Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, түрлі этностар арасындағы достық пен ынтымақтастық, сондай-ақ мемлекет тарапынан этностардың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау мен дамытуға бағытталған бастамаларға арналған әдебиеттер қойылды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/982783?lang=kk
Жауап қалдыру