Еңбек күні тойланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Еңбек күні — қоғамның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген барша еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсететін айтулы мереке.

Осы айтулы күнге орай, аудан орталығында салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі А. Ксентаев көп жылғы адал еңбегі үшін Баянауыл ауылдық округі әкімі аппаратының кіші қызметкері Сәндігүл Пазылованы «Баянауыл ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ел игілігі жолындағы өнімді де жемісті қызметіне үлес қосқан біршама азаматтарды Құрмет грамотасы және Алғыс хаттабысталды.

“Сіздердің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз — ауданымыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ең маңызды тірек. Таңнан кеш батқанша өз ісіне адалдық танытып, туған жердің дамуына тың серпін беріп жүрген әрбір маманның қызметі жоғары бағаға лайық”, – деді аудан басшысы.

Салтанатты іс-шара “Сарыарқа сыры” визит-орталығында өтіп, аудан әкімі еңбек адамдарын орталықпен таныстырды. Әсерлі жиын ән шашумен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1301289?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді