
Жапонияның Нагоя қаласындағы Мидзухо жеңіл атлетикада стадионында Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты.
Әйелдер арасында биіктікке секіруден финалда отандасымыз Кристина Овчинникова 2-орын алды. Оның нәтижесі 1.87 метр.
Бұл бағдарламада Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаева жеңімпаз атанды (1.90 м). Үздік үштікті үндістандық Пуджа түйіндеді. Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Надежда Дубовицкая 5-сатыға жайғасты.
Осыған дейін ерлер арасында 5000 метрге жүгіруде отандасымыз Максим Фроловский финалда 7-орыннан көрінді. Мәреге Бахрейн өкілі бірінші жетті. Жарыс қожайыны Томонори Ямагучи күміс, Гульвир Синх (Үндістан) қола медаль еншіледі.
Фото: Сали САБИРОВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1301323?lang=ru

Жауап қалдыру