Өскеменде полиция қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өскеменде полиция қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті

Күш, төзімділік және күрделі жағдайда дұрыс әрекет ете білу — әрбір полиция қызметкеріне қажет қасиеттер. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 28 қыркүйекте «Арлан» спорт кешенінде өткен қоян-қолтық ұрыстан турнирде өздерінің дене дайындығы мен спорттық шеберлігін көрсетті.

Жарысқа 50-ден астам қызметкер қатысты. Жекпе-жектер сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті. Қатысушылар жақсы дене дайындығын, шеберлігін және жеңіске деген жігерін танытты.

Турнир қорытындысы бойынша 57 келіге дейінгі салмақта Каленов Ернат, 62 келіге дейінгі салмақта Тұрдығазин Олжас, 67 келіге дейінгі салмақта Базарбеков Олжас, 73 келіге дейінгі салмақта Тұрдыбеков Аян, 80 келіге дейінгі салмақта Айтжанов Нұрасыл, 88 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Ақжол, 97 келіге дейінгі салмақта Құндызбаев Темірлан, ал 97 келіден жоғары салмақта Жұмағалиев Нұрсұлтан жеңімпаз атанды.

Турнир жеңімпаздары Павлодар қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоян-қолтық ұрыстан чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, облысымыздың абыройын көтерулеріне тілектеспіз!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1301351?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді