
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық газды дұрыс пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Газ инспекциясы мен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өкілдері «Қуаныш» сауда орталығында газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, қаладағы 1 532 кәсіпкерлік нысанның 1 445-іне профилактикалық аралау жүргізілді. Нәтижесінде 84 нысанда кемшілік анықталып, оның 43-і белгіленген тәртіпке сәйкес толықтай жойылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1301420?lang=kk

Жауап қалдыру