
Диана Ерлан Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметін аяқтады.
«Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі ретіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым», – деп жазды Диана Ерлан. Бірлескен жұмыс үшін әріптестеріне алғыс айтты.
Ол бұл міндетті қоғамдық негізде атқарып, қала балаларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосты.
Оның қызмет еткен кезеңінде мектеп психологтары мен орталық мамандарының жалақысы 30%-ға өсіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының штат саны 12-ден 131 маманға дейін ұлғайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1301425?lang=ru

Жауап қалдыру