ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қазақстандық студенттермен кездесті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Дәстүр бойынша, оқу жылының басында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарының қазақстандық бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті.

Елші жастарды оқуға түсуімен құттықтап, оқуда табыс тіледі. Ол сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның кадрларды даярлау ісіне баса мән беретінін еске салды.

Д.Абаев студенттерді оқудан барынша нәтиже шығаруға, ой-өрісін кеңейтуге, Ресейдің мәдени мұрасымен белсенді танысуға, елде болу ережелерін сақтауға, әлеуметтік капиталды жинақтауға және өз тегін ешқашан ұмытпауға шақырды.

«Естеріңізде болсын, әрқайсыңыз – өз халқыңыздың елшісісіз. Сіздерге қарап біздің еліміз бен ұлтымыз туралы пікір қалыптасады. Оқуды бітіргеннен кейін алған білімдеріңізді Отанымызда қолданасыздар. Қазақстанға сіздердің білімдеріңіз, күш-жігерлеріңіз бен тәжірибелеріңіз қажет», – деп атап өтті Елші.

Ол Елшілік студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдауға, қиын жағдайларда көмек көрсетуге және үйден жырақта жүргенде сенімді тірек болуға дайын екеніне сендірді.

Кездесу соңында Елші студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1301413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді