
Ұлытау облысында Қарттар күніне орай жасына байланысты ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын азаматтарға 20 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылған.
Аталған әлеуметтік қолдау шарасы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде, әлеуметтік көмек көрсету тәртібін және оған құқығы бар азаматтар санаттарын айқындайтын қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінде облыс бойынша 6 199 зейнеткер осы төлемді алушылар санатына жатады.
Төлемді алу үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат тиісті санатқа жататын азаматтардың банктік шоттарына автоматты түрде аударылады.
Әлеуметтік төлемдерді аудару 20 қыркүйектен 10 қазанға дейінгі кезеңде жүргізіледі.
Қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың әл-ауқатын арттыру және белсенді өмір сүруіне жағдай жасау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Қарттар күні – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен қоғамның дамуына қосқан үлесін бағалайтын ерекше мереке.
Барша аға буын өкілдеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1301442?lang=ru

Жауап қалдыру