
ШҚО-да абаттандыру саласында 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласында 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Полиция профилактикалық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік қызметтермен бірлесіп жүргізуде.
Учаскелік инспекторлар елді мекен тұрғындарымен тұрақты түрде кездесіп, заң талаптары мен оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіруде.
Басты назар жиі кездесетін заң бұзушылықтарға аударылуда. Олардың қатарында қоқысты заңсыз төгу, аумақты ластау, рұқсатсыз жазулар салу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру және басқа да құқық бұзушылықтар бар.
Кездесулер кезінде тұрғындар аулалардағы, көшелердегі және қоғамдық орындардағы мәселелерді де көтереді. Полиция қызметкерлері тиісті қызмет өкілдерімен бірлесіп, бұл мәселелерді қарап, қажетті шараларды қабылдайды.
Мұндай жұмыс заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді.
Көшелер мен аулалардағы тазалық пен тәртіп әрбір адамның жауапкершілігінен басталады. Қарапайым ережелерді сақтау – әр тұрғынның жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлесі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1301464?lang=ru

Жауап қалдыру