
Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Трап бағдарламасы бойынша ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы қола жүлдені иеленді.
Құрама сапында өнер көрсеткен ағайынды Даниил Почивалов пен Марк Почивалов – Шымкент қаласының спортшылары. Отандастарымыз Әлішер Айсалбаевпен бірге командалық есепте 348 ұпай жинап, Азияның қола жүлдегері атанды.
Кувейт – 355 ұпай
Қатар – 349 ұпай
Қазақстан – 348 ұпай.
Осылайша Шымкент қаласының спортшылары ХХ Азия ойындарында ел қоржынына кезекті жүлдені салып, халықаралық аренадағы жоғары шеберліктерін тағы бір рет дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1301478?lang=ru

Жауап қалдыру