Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
       Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық рәсімдері шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
— қарыз алушының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жолдау;
— тіркелген жеке кәсіпкерліктің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат ұсыну;
— қаржы басқарушысының қызметін бастау туралы хабарламаларды қабылдау;
— қаржы басқарушылары туралы мәліметтерді тиісті тізілімге енгізу.
       Қаржы басқарушысы ретінде кім қызмет атқара алады?
Қаржы басқарушысы ретінде заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін және қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген Қазақстан Республикасының азаматы қызмет атқара алады.
       Оларға:
— оңалту және банкроттық саласындағы әкімшілер;
— кәсіби бухгалтерлер;
— аудиторлар;
— заң консультанттары жатады.
        Қаржы басқарушысы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсіміне қатысады, борышкердің қаржылық жағдайына талдау жүргізеді, кредиторлармен өзара іс-қимыл жасайды және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеуге қатысады.
        Маңызды! Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық рәсімдері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңымен реттеледі.
         Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1301542?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді