
Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалардың жұмыс жоспары шеңберінде қызметкерлердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуының алдын алуға және құқықтық әрі ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесуді Діндер аралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының лекторы Д.К. Закарьянов өткізді.
Кездесу барысында деструктивті идеологиялардың таралуына байланысты негізгі тәуекелдер, зайырлылық және діни сенім бостандығы қағидаттары, діни көзқарастарды таңуға және әріптестерді діни бірлестіктердің қызметіне тартуға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және деструктивті идеологиялардың таралуының алдын алуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1301579?lang=ru

Жауап қалдыру