2026 жылғы 29-шы қыркүйек күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

29 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Жайлаухан Қозыханұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII “2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай ауданының “Құрметті азаматы” атағын беру туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы  №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев; аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Қызов және ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді кезектен тыс 45 сессиясы мен кезектен тыс 446 сессияға бекітуге қаулы қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1301637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді