Мектепте “Еңбек-ел мерекесі”атты салтанатты шара өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мектепте «Еңбек – ел мерекесі» атты салтанатты шара өтті

26 қыркүйек күні Ақкөл ауылындағы А. Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Еңбек күніне орайластырылған «Еңбек – ел мерекесі» атты ауқымды әрі салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға мектептің ұстаздар қауымымен бірге техникалық қызметкерлер құрамы да толықтай және өте белсенді түрде қатысты.
Мерекенің шымылдығын мектеп директоры М. Қоңқабаев пен кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж. Агитаева құттықтау сөзбен ашып, білім ошағының дамуына, мектептің тазалығы мен қауіпсіздігіне, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып жүрген барша еңбек ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Саналы ғұмырын мектеп жұмысына арнаған белсенді мұғалімдер мен мектептің ішкі-сыртқы жұмыстарын үздік атқарып жүрген техникалық қызметкерлер кәсіподақ комитетінің арнайы Алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.
Салтанатты бөлімнен кейін ұжым арасында ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын насихаттайтын қызықты спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер бірлесе командаларға бөлініп, спорттық ойындарда жоғары белсенділік танытты және тартысты да көңілді сәттер сыйлады. Шымырлық пен шапшаңдықты талап еткен жарыс соңында барлық қызметкерлер үшін арнайы мерекелік дастархан жайылып, ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік шара ұжымның бірлігін бекемдеп, жоғары көңіл-күй сыйлады

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-akkol/press/news/details/1301705?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді