
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Адайбек Шәкірұлы Есенаманов Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Адайбек Есенаманов 1990 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2013-2019 жылдары Ақтөбе облысының қаржы басқармасында бас маман және бөлім басшысы лауазымдарында еңбек етті.
2019-2023 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023-2025 жылдары Хромтау ауданы әкімінің орынбасары болды.
2025 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Жаңа басшының негізгі міндеттерінің қатарында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қамтамасыз ету, бюджеттік жоспарлау және өңірдің экономикалық саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1301709?lang=ru

Жауап қалдыру