Шымкентте дрондардың көмегімен 8 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің арсеналында 10-нан астам дрон пайдаланылып, олардың көмегімен қала аумағында әуеден бақылау жүргізілуде.

Заманауи технологиялар құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және жолын кесу мақсатында қолданылады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері дрондардың көмегімен 8 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 3800-ге жуығы жол қауіпсіздігі саласында, 3 700-ге жуығы қоғамдық қауіпсіздік бағытында тіркелген.

Дрондарды пайдалану бақылау аумағын кеңейтіп, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және қаладағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1301754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді