
Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLVIII сессиясы өтті
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLVIII сессиясы өтті.
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан жан-жақты талқылау жүргізілді.
Отырыста Қаражал қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі қаралып, Қаражал-Жәйрем өңірінің 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке және Қаражал қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшерін айқындау, сондай-ақ Қаражал қаласының 2026–2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, Қаражал қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, Қаражал қалалық мәслихатының тиісті шешімдері қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1301773?lang=ru

Жауап қалдыру